«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.Мектебіміздің 8 "а" сынып оқушысы Көлше Сержан Жарылғапұлы Ақтау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 2018 ж.14 сəуірінде өткен "Caspian Start-Up 2018" облыстық стартаптар байқауында "Qogys-paida tabu ko'zi" жобасымен қатысып,қабілеті мен белсенділігімен көзге түскені үшін СЕРТИФИКАТпен марапатталды! Дарынды да қабілетті оқушымызға алда көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын дейміз. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын Сержан!




