Skip to content

Хабарландыру! “№8 ЖББМ” КММ-де 31.05.2023 жылға дейін оқу процесі жүреді.…

Хабарландыру!

“№8 ЖББМ” КММ-де 31.05.2023 жылға дейін оқу процесі жүреді.
📚Оқушылардың кітаптарын жинап алу кестесі 31 мамыр күні 1-және 2-кезектің соңғы сабағы біткеннен кейін оқушылардан сынып жетекшісі арқылы мектеп кітапханасына тапсырылады.

31.05.2023 жылы барлық сыныптарда
“ 31 мамыр Қуғын сүргін құрбандарын еске алу” күніне байланысты сынып сағаттары өтіледі.

1 маусым балалар күні мектепте спорттық- мәдени шаралар өтіліп, және 2023 жылғы түлектердің соңғы қоңырау салтанаты 9-00 ден бастап өткізіледі.

2 маусымнан бастап мектеп жанында “Футбол”, “Волейбол”,”Полиглот”,”Жасыл әлем”, “Дебат” үйірмелері өз жұмысын бастап,уақыты 12 күнге созылады.
5 маусымнан бастап аз қамтылған отбасы балалары мен үздік оқыған балалардың жазғы сауықтыру "Балауса" лагері жұмысын бастайды. “Балауса” лагері әр потокқа 75 баладан, 150 баланы қамтиды.
Әр ауысымдағы балалардың жазғы сауықтыру лагері 10 күнге созылады.
9 сыныптарда маусым айының 2-13 күндері аралығында, 11 сыныптарға маусым айының 5-19 күндері аралықтарында қорытынды аттестаттау жүргізіледі.

🌱Құрметті ата – ана, балаларымызды сабақтан қалдырмайық, емтихан мен мектеп лагеріне уақытында жіберіп, балалардың жақсы дем алуларына мүмкіндік жасайық.

@karakia_bilim_bolimi
@karakia_education

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *