Skip to content

📜Қаңтар айының 26 жұлдызында “ Үздік педагогтан үздік тәжірибе” семинары…

📜Қаңтар айының 26 жұлдызында “ Үздік педагогтан үздік тәжірибе” семинары жүргізілді. Семинар спикері ретінде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісуге:
Ф. Оңғарсынова атындағы № 29 ЖББМ-нің география пәні мұғалімі, “Үздік педагог-2018” номинациясының иегері, шебер-педагог, “География” пәнінен оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындауға арналған жинақтардың авторы, Республикалық абсолюттік чемпион иегерлерінің жетекшісі Бегейбай Дина Медетқызы келді.
✅Семинар келесі тақырыптар бойынша жүргізілді:
📌Пәндік олимпиадаға дайындау қадамдары
📌Олимпиадаға дайындаудың ең басты қағидалары
📌Оқушылардың деңгейі қала мен ауыл әлеуметіне байланысты емес екендігіне дәлелдер
📌Ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушымен республикалық абсолюттік чемпион иегері атанғанға дейінгі жолдар шәкіртті олипиадаға дайындау үрдісінде өзіңмен бірдей субъект ретінде танып, ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушы болса да жеке тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу – әр ұстаздың міндеті екендігі айтылды. Мектеп мұғалімдері олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдері бойынша білім алмастырып, жас мамандар оқушяларды олимпиадаға дайындау үрдісінің мәні мен құрылымы жөнінде айқын түсінікке ие болды. Олимпиадаға оқушыларды дайындау мәселесі ауқымды түрде қарастырылды.

Ұйымдастырушы:Еспулаева А.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *