🏫 Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша
"№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 26–30 мамыр аралығында мектептің 10-сынып оқушылары арасында далалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
🔸Жиын Қарақия ауданы білім бөлімінің бұйрығына сәйкес өткізілді. Оқу-жаттығу жұмыстары мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н. Е. Баданов жетекшілігімен жүргізілді.
🔸Далалық жиынның негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, алғашқы әскери дағдыларды үйрету, топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, сонымен қатар төтенше жағдайларда іс-әрекет етуге үйрету.
🔸Жиын барысында оқушыларға:
Саптық дайындық;
Әскери жарғылармен танысу;
Азаматтық қорғаныс элементтері;
Жорыққа шығу және шатыр тігу;
Алғашқы көмек көрсету дағдылары;
Қаруды шашып-жинау тәсілдері үйретілді.
🔸Оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, теориялық және тәжірибелік білімдерін толықтырды.
🔸Қамтылған оқушы саны: 64.
#біртұтастәрбие
#далажаттығуы2025

