Қарақия ауданы білім бөлімі бойынша "№8 ЖББМ", 27.01- 31.01.2025 жыл аралығында " Заң және тәртіп"айлығы бойынша өткізілген іс — шара.
«Досболайық» акциясы бастауыш сынып оқушылары арасында достықты, бір-біріне деген қамқорлықты насихаттау үшін өткізілді. Бұл акцияның мақсаты — балаларды жақсы қарым-қатынаста болуға, бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету. Досыңа достық қолыңды соз!
Ендеше, бүгін «Досболайық» акциясы аясында біз бір-бірімізге дос болуға шақырамыз! Егер сенде қиындықтар болса, мен саған көмек көрсетуге дайынмын! Ал сен мені қолдасаң, бірге барлық қиындықтарды жеңеміз!
Бұл акцияға 3”Ә” сыныбының оқушылары қатысты, сынып жетекшісі Жалғасбаева Айжан апай. Достық — күшті, достық — мықты, достық — көңілді! Қолыңды соз, дос болайық!
Осылайша, акцияның мақсаты мен мағынасы баланың түсінуіне оңай әрі әсерлі түрде жеткізілді! Ұйымдастырушысы “#8ЖББМ”КММ педагог-психолог Калиева Злиха.
#біртұтастәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолдау
#досболайық
@біртұтастәрбие
@қарақияауданыбілімбөлімі
