Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы 8 орта мектебінің 1998 жылы алтын ұядан түлеп үшқан жүзге жуық түлектер, 20 жылдан кейін білім ордасына таза су құрылғысын сыйға тарту етті.Кешегі түлектер – бүгінгі мамандар. Қазіргі таңда әртүрлі салада еліміздің елеулі азамат пен азаматшалары мемлекеттік қызметтер мен ірі кәсіпорындарда елге қызмет етуде. Барлығы да айтулы жетістіктерге жетіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.
Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.
Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.
Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер. #мың#алғыс#сізге#түлектер

