Skip to content

Кәсіпорындармен жұмыс іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9 сынып оқушыларының арасындағы өрт…

Кәсіпорындармен жұмыс іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9 сынып оқушыларының арасындағы өрт сөндіруші мамандығына қызығушылығы бар оқушылар Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі РММ Жетібай ауылы №10 өрт сөндіру бөлімімен танысты.Бөлімнің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Сүгірбай Бақытжан Жолдасұлы оқушылармен сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырларын ашып, болашақ мамандарға төменде көрсетілген кеңестерді берді:
• Номативтерді жақсылап тапсыру. Шыдамды әрі күшті болғаныңыз дұрыс. Кейде, биік ғимараттардан тек заттар ғана емес адамдарды да түсіруге тура келеді. Сондықтан, қандай күш керектігін бағамдай беріңіз.
• Арнайы техниканың барлық қыр-сырын меңгеру керек.
• Алғашқы көмек көрсетудің жолдарын білу.
• Денсаулығыңыз мықты болғаны дұрыс.
• Биіктікте жұмыс жасап үйрену.

Сонымен қатар, барлық арнайы техниканың түрлерімен таныстырып, іс-жүзінде пайдалану реттелігін көрсетті. Оқушылар сұхбаттан ерекше әсер алып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығының одан сайын арта түскендігі жайында сөз етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *