Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Жетібай ауылы "№8ЖББМ" КММ-де оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Жетібай КППБ инспекторы, полиция капитаны Д. Жиенбай және Жетібай ӨСБ маманы, азаматтық қорғау старшинасы С. Аралбаев қатысты. Оқу-жаттығу бойынша алгоритм негізінде түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ұйымдастырушы мектеп ДТЖО және шаруашылық меңгерушісі, қатысқаны 8-9-10 сынып оқушылары(345оқушы, 16сынып жетекші) қамтылды.
#біртұтас_тәрбие
