Skip to content

Құттықтаймыз!!!💥🎉🎊 Республикалық жетістік!🏆🥇 Қараша айының 27-30 күндері аралығында Астана қаласында…

Құттықтаймыз!!!💥🎉🎊
Республикалық жетістік!🏆🥇

Қараша айының 27-30 күндері аралығында Астана қаласында өткізілген ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінің жаратылыстану-математикалық бағытына аудандық,облыстық кезең жеңімпаздары атанған 2 оқушымыз қатысты. Білімді де дарынды,оқу мен ғылымға құштар болған,топ басынан көрініп, үздік нәтижеге жетіп, Республикалық олимпиада жеңімпаздары атанған оқушыларымыздың нәтижесі мақтанарлықтай!
9-сынып оқушылары арасында мәтематика пәнінен I орын иегері

Тәжібай Қырымбек Асылбекұлы 🥇
Жетекшісі: Үсекенова Айнұр Тахирқызы

Облыстық кезеңнен 1-орын алып, Республикалық кезеңде де жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық кезең қатысушысы сертификатымен марапатталған

Мүсір Ислам Мақсатұлы (география пәні)
Жетекшісі: Тәжібаева Ұлжан Ерланқызы

Дарынды оқушыларымызды дайындап, үнемі қолдау көрсеткен жетекшілеріне рақмет!
Алар асуларыңыз көп болсын!💐🏆🎉
@karakia_bilim_bolimi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *