Қызықпен талай думанды кешкен.
Шығармас сонау жолдарын кешкен.
Тақтаға жазған ұстаз тәлімін,
Партада тыңдап, үлгі алып өскен түлектеріміздің 25.05.2021 күні №8 жалпы білім беретін мектепте "Тәуелсіздік ұландары" атты салтанатты жиыны болып өтті.Салтанатты жиынға; мектеп мұғалімдері, мектеп түлектері 15 ата-ана қатысты.Мерекелік шара мектеп ауласында, ашық аспан астында өткізілді.
Биылғы бітіруші түлектерге ақ жол тілей отырып, жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата – ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін.



