Мамандық таңдау, жоғары оқу орынын жақсыға аяқтап, ата ана үмітін ақтап, мамандығым мақтанышым деп құлшына еңбекке араласу да әр перзенттің жауапты ісі. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы, ертең ақ маман иесі атанып қоғамға араласады. Қайсыбірі прокурор, тәртіп сақшысы, ақ халатты дәрігер, ұстаз, механик, құрастырушы, құрылысшы болсам деп армандайды. Бүгінгі күні бірнеше мамандыққа зор сұраныс бар.
Осы ретте 20 қазанда мектебіміздің педагог-профориентаторы Г.Қосанованың кәсіпорындармен жұмыс жоспары бойынша 11 сынып оқушыларының заң саласына қызығушылық танытып, тарих,құқық бейіндік пәндер жұбын таңдап отырған оқушыларымен Жетібай КПБ мамандарымен сұхбат жүргізді.
Жетібай КПБ ЖПКб УПИ инспекторы полиция капитаны Б.Б.Жуманов полиция қызметкерінің негізгі міндеті қоғамдағы тәртіпті сақтаудан тұратындығын, ауылдың әрбір көшесін күзететіндігін, заңға бағынатын азаматтардың денсаулығы мен мүлкі толығымен қауіпсіздікте болуын қадағалайтындығы жөнінде сөз өрбітті.
Сонымен қатар осы сала бойынша оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап беріп,бөлімшеге шағын экскурсия жүргізді.
