Skip to content

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№8…

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№8 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, уақытша бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға конкурс жариялайды.

🔸Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша құжаттарды қабылдау биылғы оқу жылынан бастап hr-nobd.edu.kz базасында жүргізіледі, ол үшін компьютер арқылы (NCALayer қосулы болу керек ЭЦП қажет болады) hr-nobd.edu.kz базасына ҚЫЗМЕТКЕР ретінде тіркелуіңіз қажет.
🔹Өзіңіз туралы мәліметтерді толтырып тіркелгеннен кейін, өзіңіз қалаған аймақтағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді көре аласыз.
🔸КГУ “Общеобразовательная школа №8” жұмыс орнын таңдап, құжаттарды жүктеп өз мамандығыңыз бойынша конкурсқа қатыса аласыз. Қорытынды комиссия отырысы Жетібай ауылы, С.Жанғабылұлы көшесі № 507 ғимаратында өткізіледі.
СӘТТІЛІК ЖАС МАМАН!!!

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2024-2025 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.

Конкурс талаптарға сай өткізіліп, құжаттар hr-nobd.edu.kz базасында жүргізілді. Үміткердің бейнепрезентациясы қаралып, талқыланды. Үміткер критерийлер көрсетілген бағалау бетшесі негізінде бағаланды.

Конкурс комиссиясының шешімімен төмендегі маман жұмысқа қабылданды:
1. Меңдіхан Раушан Батыханқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі.
2. Нурбай Айгерім Жетегенқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі.
3. Азар Рысты Бұхарқызы – технология пәні мұғалімі.

Жұмысқа қабылданған мамандарға тиісті құжаттарды жинақтап, тапсыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сәттілік тілейміз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *