Мектебімізде 08.09.2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ахмет Ұлт ұстазы" атты фильмді оқушылардың назарына ұсындық.
Басты мақсатымыз: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, білімге деген һəм ғылымға деген қызығушылықтарын, талпыныстарын күшейту.
Бұл іс-шара 10-11 сынып оқушыларын қамтыды.
Іс-шара сондай қызықты əрі әсерлі өтті.
Фильм соңында, сұрақтар қойып, оқушылармен пікір алмастық.
Сұрақтарға жауап берген оқушыларымызға өз сый-сыяпатымызды табыстадық. Бастысы оқушыларымыз дəн риза!



