📝Мектебімізде ертегілер әлеміне құштар,ізгілікке сенетін, бастауыш сынып оқушыларына арналған қуыршақ театры болып өтті.
Қойылымның мақсаты-баланы ойландыру, ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне көзін жеткізіп,мөлдір мінезді бойына сіңіріп,тәрбиелеу.
Қуыршақ театрының оқушылар үшін тәрбиелік-танымдық маңызы зор.Әдетте балалар бір естіген ертегісін тағы да бірнеше рет тыңдағысы келетіні бар.Сол ертегілердің бірі “Үш аю” ертегісі.Ауызша естіген ертегісін қуыршақтар орындап бергенде,өз қиялының шындыққа айналатыны сондай, образдар мәңгі ұмытылмастай жүрегіне ұя салды.
Ұлтымыздың үлгі тұтар ұлдарын,ерлікті,елдікті дәріптейтін жақсы дүниені бала танымына лайықтап дәріптей білген ұйымдастырушыларға табыс тілейміз👍🏻
