Мектебімізде “Өмірге “иә” деп айт!” онкүндігі аясында “Мен өмірге құштармын” тақырыбындағы сурет байқауы ұйымдастырылды.
Оқушыларды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара 5-8 сынып оқушыларын қамтыды.
Байқау барысында бала өміріндегі басты орын алатын жандарды және елдің биік ынтымағының көрінісі болып табылатын ту бейнесін салу арқылы патриоттық сезімдерін бейнелеп жеткізді.
