Мектебімізде «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында 24-қаңтар күні 5-7 сыныптар арасында «Мейірімді жүрек – жылы тілек» атты әдеби марафон ұйымдастырылды. Марафонды өткізге жауапты мамандар:
✅Сайынова Әсем
✅Ордабай Гүлжайна
✅Оңғарбай Бағила
Сайысқа барлық 5-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, оқушылар қазақ ақындарының өлең жолдарын да бір-біріне видоемен жолдады. Осылайша мектебіміздің барлық оқушыларын бір-біріне мейірімді болуға, әлемге күн сияқты шуағын шашып жүруге шақырады.
👐🏻Барлық оқушыларды адами қасиеттерді жоғары тұтып, қашан да жан-жағымызға шуағымызды шашып жүруге шақырамыз. Себебі, мейірімділік әлемді құтқарады!
