Skip to content

Мектебімізде ұстаздар мерекесі қарсаңызда «әркімнің өз дара жолы бар» екенін…

Мектебімізде ұстаздар мерекесі қарсаңызда «әркімнің өз дара жолы бар» екенін ескеріп, кәсіби шеберлігі шыңдалған, ойы мен сөзі бір жерден шығатын, біліктілігі ісінен айқын көрініп тұратын ұстаздарымыздың , өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу мақсатында «Ұстаздық жолы – дара жол» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Мектеп өміріне 40,30,20 жылдық ғұмырын арнаған ұстаздардың дара жолына үңіліп, өнегелі сұхбат жүргізілді. Сұхбат соңында бірнеше жыл бұрын мектепті аяқтаған шәкірттері келіп ұстаздарына гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын білдіріп ерекше әсерге бөледі. Ұстаздық қызметінде ерен еңбегі сіңген ұстаздар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып, кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарына ие болды.

#біртұтас_тәрбие

#біртұтас_тәрбие
#1_tutas_tarbie
#қазыналықарттарым
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@iskalievaakbope
@gani_bisembaev
@medetbekovameruert

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *