Мектеп кітапханасы – қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі. Кітапханамыз кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады.
Әсіресе биылғы келген көркем әдебиеттерге көп қызығушылық танытады.Оқырмандар саны күннен-күнге өсуде.
Бүгінгі таңда,кітапхана қазақ тілінде сөйлеген әлем әдебиеттері мен балаларға арналған ғылыми-танымдық әдебиеттермен толықтырылды.
“Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы” демекші,
өміріңнің шырағын кітаппен бірге аш!
#жаңакітаптарғашолу
