Мектеп жанындағы «Балауса» ақшатырының бірінші ауысым демалушылары «Өмір салтын қалыптастыру» медбикесі Дауылбаева Феруза Таджибаевнамен кездесті. Медбике балаларға қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану мен жеке гигиена жайында ақпарат берді. Содан соң балалар Жетібай ауылдық кітапханасына барды.
Балалар кітапханада Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, рухани азық алды.
