Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
Осы аталған тапсырмаға орай, Жетібай ауылы «8 ЖББМ» КММ-де жас өскелең бүлдіршін білімалушылары (1 сынып оқушылары) ата-аналармен бірігіп мектеп аумағына 60 түп гүл көшетін отырғызды. "Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін көгалдандыру — маңызды істердің бірі.
Бүгін ата- аналар #ТАЗАҚАЗАҚСТАН экологиялық акциясы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырды. Мектеп ауласының жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасыл желекке бөленуіне өз үлесін қосуға келген ата-аналарға мектеп мұғалімдері ризашылық білдірді. Көгалдандыру жұмысына жетекшілік жасап, өскелең ұрпақты ағаш өсіруге, табиғатты аялауға тәрбиелеу үлгісін көрсетуші мұғалімдер: Урдекова Гүлнар, Акмамабетова Салтанат, Тулегенова Айшагүл, Жомартова Базар сынды апайларын ерекше айтуға болады.
#ТАЗАҚАЗАҚСТАН
