Skip to content

Мереке аясында мектебіміздің спортзалында Жетібай ауылы əкімдігінің ұйымдастыруымен ақшатыр демалушыларының…

Мереке аясында мектебіміздің спортзалында Жетібай ауылы əкімдігінің ұйымдастыруымен ақшатыр демалушыларының арасында эстафеталық жарыстар, дойбы, тоғызқұмалақ жəне дартс ойындары ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараның басты мақсаты: Елордамыздың туған күнін атап, келер жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге жəне салауатты өмір салтына тəрбиелеу болды. Көңілді эстафета жарысына 3 топ, барлығы 12 бала қатысты. Бұл жарыста "Бəйтерек" тобы жеңіске жетті. 2 орын "Сұңқар" тобы, 3 орынды – "Адай" тобы қанжығаға байлады. Сайыстарға қатысқан барлық балалар ауыл əкімінің марапаты мен сыйақыға ие болды. Ұйымдастырушы Жетібай ауыл әкімі Асанов Қуаныш Сырымұлына алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *