Skip to content

МОББ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№8 жалпы білім беретін…

МОББ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№8 жалпы білім беретін мектеп” КММ 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, бос және уақытша бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға конкурс жариялайды:
1. Информатика пәні мұғалімі – 2 уақытша
2. Математика пәні мұғалімі – 1 уақытша
3. Технология пәні мұғалімі – 1 тұрақты
4. Бастауыш сынып мұғалімі – 1 уақытша
5. Дефектолог – 1 уақытша

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша құжаттарды қабылдау 2024 жылы 26 ақпан күні аяқталады, қорытынды комиссия отырысы 28 ақпан күні сағат 10:30да Жетібай ауылы, С.Жанғабылұлы көшесі № 507 ғимаратында өткізіледі.

Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:
🔸️ Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
🔸️ Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
🔸️ Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
🔸️ Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
🔸️ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
🔸️ Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
🔸️Соттылығы жоқ туралы анықтама
🔸️ Наркологиялық ұйымнан анықтама;
🔸️ Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
🔸️ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
🔸 Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *