Skip to content

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында №8 жалпы білім беретін мектепте…

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында №8 жалпы білім беретін мектепте алғыс айту шарасы өтті

Қарақия ауданы білім бөліміне қарасты №8 жалпы білім беретін мектептің кітапханашылары 7-сынып оқушыларының қатысуымен ерекше шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар өз ұстаздары мен мектеп қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, ұстаздар еңбегін бағалауға тәрбиелеу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Оқушылар өздері дайындаған шығармашылық өлеңдерін оқып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Мұндай игі бастамалар мектеп ұжымының ауызбіршілігін нығайтып қана қоймай, оқушыларды адамгершілікке, құрмет пен ізеттілікке баулиды. Шара соңында мектеп ұстаздары мен қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға білім мен тәрбиені қатар алып жүрудің маңыздылығын атап өтті.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізілген бұл іс-шара оқушыларға рухани тәрбие беріп, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал етті. Алдағы уақытта да мектеп кітапханашылары осындай мазмұнды және тәрбиелік мәні зор іс-шараларды ұйымдастырып, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қоса береді.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау
#1tutas_tarbie2024
#алғысайтукүні
#1наурызалғысайтукүні
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@birtutas_tarbie_mangystau
@karakia_education
@iskalievaakbope
@abikhanova9

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *