Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата – ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлегіміз Тажадин Жансая Жанболатқызы – үздік оқып, «Алтын белгі» иегері атанды. Ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Жансаяның болашағынан ұстаздары үлкен үміт күтеді.Алдағы ҰБТден жоғары балл жинауға тілектеспіз.
Көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер Жансая!










