“Отпан” жобасы аясындағы семинар📙📖🔗
Мектебімізде “Отпан” жобасы бойынша жеткізілген құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану мақсатында үш күндік семинар басталды. Семинар аясында әр күн түрлі пән мұғалімдеріне арналған бағдарламамен өтуде:
29 қаңтар – бастауыш сынып мұғалімдеріне,
30 қаңтар – робототехника, STEAM және информатика пәні мұғалімдеріне,
31 қаңтар – физика, химия, биология, география, ұлдар және қыздар еңбегі пәндерінің мұғалімдеріне арналған.
Семинардың алғашқы күні “ҚазМұнайГаз” АҚ-ның демеушілігімен ұйымдастырылып, оған Жаңаөзен қаласындағы №15 мектептің, Таушық елді мекеніндегі Шахта мектебінің және мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Жоғары деңгейде өткен семинарды IT педагог, STEAM және PBL тренері Рүстем Ермеков жүргізді. Ол интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, оның біз білмейтін қыр-сырын ашты. Сондай-ақ, жаратылыстану пәндеріне байланысты оптика, жарықтың шағылуы, су және ауа, ауырлық күші, ток күші, жылу өткізгіштік, магниттің қасиеті, планеталар мен топырақтың құрамы секілді тақырыптарды терең түсіндірді.
Семинар барысында алынған білім алдағы уақытта сабақтарымызда құрал-жабдықтарды тиімді қолдануға зор мүмкіндік береді. Осындай тамаша жобаны жүзеге асыруға қолдау білдірген “ҚазМұнайГаз” АҚ-ға алғысымызды білдіреміз!
#біртұтас_тәрбие
#отпан
#семинар
@karakia_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@birtutas_tarbie_mangystau
@karakia_education
@iskalievaakbope
@abikhanova9
