ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ
13.11.2023ж күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2023-2024 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.
Конкурсқа қатысуға 2 үміткер өтініш білдірді:
– бастауыш сынып мұғалімі – 1 үміткер;
– педагог-психолог – 1 үміткер;
Конкурс талаптарға сай өткізіліп, конкурс барысы бейнежазбаға түсірілді. Үміткерлердің портфолиосы, оның ішінде тәжірибесі жоқ үміткерлердің бейнепрезентациялары қаралып, талқыланды. Әрбір үміткер критерийлер көрсетілген бағалау бетшесі негізінде бағаланды.
Конкурс комиссиясының шешімімен төмендегі мамандар жұмысқа қабылданды:
1. Кокдесін Динара Азатқызы – бастауыш сынып мұғалімі (уақытша бала күтіміндегі мұғалім орнына)
2. Жалгасова Юлдуз Азаткызы – педагог-психолог (уақытша бала күтіміндегі мұғалім орнына)
Жұмысқа қабылданған мамандарға тиісті құжаттарды жинақтап, тапсыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жас мамандарға сәттілік тілейміз!!!

