ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРС НӘТИЖЕСІ
22.11.2023ж күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, 2023-2024 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдау мақсатында конкурс өткізді.
Конкурсқа қатысуға 1 үміткер өтініш білдірді:
– ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 үміткер;
Конкурс талаптарға сай өткізіліп, конкурс барысы бейнежазбаға түсірілді. Үміткердің бейнепрезентациясы қаралып, талқыланды. Үміткер критерийлер көрсетілген бағалау бетшесі негізінде бағаланды.
Конкурс комиссиясының шешімімен төмендегі маман жұмысқа қабылданды:
1. Көмек Жансая Жетібайқызы- ағылшын тілі пәні мұғалімі (уақытша бала күтіміндегі мұғалім орнына)
Жұмысқа қабылданған маманға тиісті құжаттарды жинақтап, тапсыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жас мамандарға сәттілік тілейміз!!!

