Skip to content

Президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жолдады Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің…

Президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жолдады
Құрметті отандастар!
Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

Маңғыстау өңірі, атап айтқанда Қарақия ауданы білім беру ұйымы педагогтары, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды өз ортасына алып, бауырмалдылық пен шынайы жанашырлық үлгісін көрсетіп жатырғанын көріп жатырмыз. Осы, бауырмалдылық пен мейірімділіктің жаршысы бола білген ұжымның бірі – «№8 ЖББМ» КММ ұжымы Эвакуациялық 50 орын дайындап, өз қамқорлығын көрсетуге қашанда әзір екендігін көрсете білді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.
Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

#БІЗБІРГЕМІЗ
#КҮШБІРЛІКТЕ

#МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *