Skip to content

🌱Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды 📌Республика бойынша жастар…

🌱Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды

📌Республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.

1️⃣Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары,
қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес
аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.

📍«№8ЖББМ» КММ-де аталмыш іс-шара «Табиғатты түсін» жобасы аясында өтеді. Игі бастама аясында білім беру ұйымы татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар өткізеді. 5 сәуір күні бастау алған бұл жоба 1 апта көлемінде жалғасын табады. Осыған орай 10 сәуір күні 7-11 сынып білім алушылары мен сынып жетекшілері 50 түп гүл көшеттері мен 20 түп жеміс ағаштарын отырғызды. Көгалдандыру шарасы барысында мұғалімдер мектеп оқушыларына көшеттерді күтіп-баптау жолдарын түсіндіріп, табиғатты аялауға шақырды #ТАЗАҚАЗАҚСТАН

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *