Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет☑️ 📜Сыбайлас жемқорлық – ешбір ел…

Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет☑️

📜Сыбайлас жемқорлық – ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды. Сыбайлас жемқорлық мәселесі адамдарға, қоғамдастықтарға және бүкіл елдерге жағымсыз әсер етеді; демократиялық процестерге нұқсан келтіреді, әділетсіздікті күшейтеді және кедейлікті арттырады; негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін төмендетеді, бизнес жүргізу құнын арттырады және дамуға бағытталған инвестицияларды азайтады.
2022 – 2023 оқу жылы бойынша, «№8 ЖББМ» КММ бойынша осы аталған қоғам дертімен күрес жүргізу бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Оқу жылы басында, мектеп басшысы мемлекеттік ротациямен басшылық қызметі жүзеге асырылды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі бақылау, зерделеу және тексеру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асты. Осы жұмыстарды жүргізуде мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымы қоян – қолтық жұмыс жүргізді.
Мемлекеттік сатып алу заңнама шеңберінде жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, 2022 – 2023 оқу жылында мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – шаралар, сынып сағаттары мен тәрбие іс – шаралары өткізілді. Атап айтсақ, «Адалдық, адамдық белгісі», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы тақырыбы аясында дебат өткізілді.
Мектеп ғимаратына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық – танымдық: «Егер сізден пара талап ететін болса төмендегідей әрекет етіңіз…, Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек…, Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау өте маңызды» тақырыбында плакаттар ілінді.
Қорытындылай келе, «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние –байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз білім саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу- барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *