Табиғат пен адам ажырамас ұғым. Табиғатсыз адамның, адамсыз табиғаттың күні жоқ. Табиғатты аялау, қадірлеу әрбір азаматтың бойындағы мықты жауапкершілік.
Мектебімізде «Таза табиғат» акциясына орай, ағаш отырғызу сенбілігі өтті. Мектеп ауласын қопсыту, ағаш отырғызуға, мектеп мұғалімдері, бастауыш, жоғары сынып оқушылары, өзін -өзі басқару ұйымы белсене ат салысты. Мектеп ауласы қоқстардан тазартылып, 40 түп жеміс ағаштары отырғызылды. Мектебіміздің АӘД мұғалімі Тәжібаев Табынбай ағайымыз демеушілік білдіріп, 20 түп ағаш алып келіп, отырғызылды. Жемісті берекелі болсын👏👏👏




