Skip to content

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен…

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір – біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым – қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Мектеп оқушылары да мереке қарсаңында өз алғыстарын елі мен жеріне, халықына, ұстаздарына жолдайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *