Skip to content

“Тәтті викторина” ойыны “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “№8 ЖББМ”…

"Тәтті викторина" ойыны
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "№8 ЖББМ" КММ кітапханасында,мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларына арналған "Тәтті викторина" ойыны өткізілді.
Іс-шараның барысында оқушылар бірігіп оқып келген "Нағыз әже қайда?" атты Нұрдаулет Ақыштың шығармасына талдау жүргізді.Гүлшат атты басты кейіпкердің әжесінің ақылдары арқау болып,оқушылар әжелердің бейнесіне біраз үңілді.
"Пицца","Кубик" әдістері арқылы оқушылардың ойларын қозғаушы сұрақтар мен шығармаға қатысты сұрақтар берілді.
Шығарма желісі бойынша, оқушылар ауыл мен қала айырмашылығын,бұрынғы,қазіргі әжелердің бейнесін,басты кейіпкерлерге мінездеме бере білді.Сондай-ақ,нәтижесінде отбасылық құндылықтар жөнінде бірқатар ой қалыптастырды.
Викторинаға қатысушы,кітапқа жанашыр:
7"В" Маман Әділет
7 "А" Ерболқызы Сандуғаш
7"Г" Ағзам Аяулым
7"Ә"Дүйсенбай Айнамкөз
7"Б" Ғабиден Іңкәр сынды оқушыларымызға алғысымыз шексіз!
#оқуғақұштармектеп
#балаларжылы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *