🇰🇿 ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР ҚОЛДАР КӨРМЕСІ 🇰🇿
Тәуелсіздік күніне орай 2-4 сынып оқушылары арасында «Шебер қолдар» көрмесі – макет жасау байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, ел тарихы, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіз Қазақстан тақырыбында түрлі макеттер ұсынды.
Әрбір жұмыс — ұқыптылықтың, қиялдың және еңбектің нәтижесі. Көрме оқушылардың өнерге, отансүйгіштікке деген қызығушылығын арттырып, ерекше әсер сыйлады.
Қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🌟
Тәуелсіз еліміз мәңгі жасасын!
#ТәуелсіздікКүні #ШеберҚолдар #МакетЖасау #ОқушыларШығармашылығы #МектепӨмірі #Қазақстан
