🇰🇿 “Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” апталығы аясында көркем сөз оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау.
Байқауға қатысқан оқушылар ел тәуелсіздігі, Отан, ерлік пен елдік тақырыбындағы өлеңдер мен прозалық шығармаларды мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін көрсетті.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың дауыс мәнері, сахна мәдениеті, көркемдік жеткізу деңгейін бағалады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға рухани серпіліс сыйлады.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.
✨ Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
#ТәуелсіздікКүні
#ТәуелсіздікТеңдесіЖоқБайлығым
#Көркемсөзоқу
