🧠✨ “ҰЛАН IQ” зияткерлік сайысы😍
Мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында “ҰЛАН IQ” зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың оқу сауаттылығын, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту, сондай-ақ топта жұмыс істеу, өз ойын анық әрі дәл жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білім деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
🔹 Сайыс нәтижесінде:
4 «А» сыныбынан құралған «Ыбырай білімпаздары» және
4 «В» сыныбынан құралған «Шоқан ізбасарлары»
келесі кезеңге жолдама алды.
👏 Жарайсыздар, білімді ұландар!
Алдағы кезеңде сәттілік тілейміз! 🤗
#ҰланIQ
#ЗияткерлікСайыс
#БілімдіҰрпақ
#ДарындыОқушы
