👩💻«Үздік сынып жетекші – 2025» байқауы
Байқаудың мақсаты – сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін анықтау, педагогикалық тәжірибесін насихаттау және шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды қолдау.
⚜️2025 жылы 23 сәуірде Республикалық «Үздік сынып жетекші – 2025» байқауының аудандық кезеңіне белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін "№8 жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын пәні мұғалімі Калмағамбетова Айкүміс І дәрежелі дипломмен және" Кәсіби шебер жетекші" номинациясымен марапатталды.
⚜️Калмағамбетова Айкүміс – оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнатып, тәрбие жұмысында жаңашыл әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдана білетін білікті педагог. Ол сыныбында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырып, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық, құқықтық тәрбие беру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
⚜️Ұстаздың тәрбие саласындағы ізденісі, оқушылармен жүргізген сынып сағаттары мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы жоғары бағаланды.
Құттықтаймыз💐
#үздіксыныпжетекші2025

