Жергілікті жол полициясы қызметкерлері мектебіміздің оқушыларына “Мектепке қауіпсіз жол” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қатысты жол қозғалысы ережесінің негізгі тармақтары туралы оқушыларға баяндап, оның маңыздылығын түсіндіріп берді.
Сондай-ақ,оқушыларды аталған тақырып төңірегінде сұрақтар қоюға шақырып, жол белгілерінің мағынасын ашып, жол ережелерін нақты айтып берді.
#балақауіпсіздігібастыназарда
#қауіпсізтерезелер
#қауіпсіздікережесі

