Skip to content

Жетібай ауылы “№8 жалпы білім беру мектеп” КММ 2020—2021 оқу…

Жетібай ауылы "№8 жалпы білім беру мектеп" КММ 2020—2021 оқу жылының қорытындысы туралы жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы 22 мамыр күні, ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында онлайн форматында жиналыс өткізілді.
1-11 сынып ата-аналары, мектеп әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес онлайн (zoom, ватсап) бойынша қатысты.
Ата — аналар жиналысы мақсаты:
2020-2021 оқу жылы қорытындысын ата-аналар тарапына хабардар ету.
Күн тәртібі:
1. Оқу жылының аяқталуы(білім сапасы, үлгерім, сынып оқушыларының оқу жылы бойынша іс-шараларға қатысуы)
2. Жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелері.
3. 1 маусым-балаларды қорғау күні.(ата-ана пікірі)
4. Ағымдағы мәселелер.
Ата-аналар жиналысының бірінші бөлімінде, 2020-2021 оқу жылы қорытындысымен таныстырылып, оқу-тәрбиелік шаралар туралы презентация материалдары көрсетілді.
Екінші бөлімінде, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші, жазғы мектеп пен сауықтыру лагерь жұмысының ұйымдастырылуы, жазғы демалыстағы қауіпсіздік туралы айтылды.
Жиналыс 56 сынып комплекті мен сынып жетекшілері, 500 ата-ананы қамтыды.
Ағымдағы мәселелер бойынша, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жуа берілді.
Жалпыреспубликаоық ата-аналар жиналысын ұйымдастырып өткізген, мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мендикулова Салтанат пен Мұқамжарова Марта.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *