«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»атты акцияның барысында құқық пəнінің мұғалімі Сəрсенбаева Анар "Қоғам.Бала.Құқық"атты көрме ұйымдастырды. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру , әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.



