?2025жылдың сәуір айында «№8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
?Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, түрлері, оның мемлекеттің дамуына, білім беру жүйесіне және қоғамдағы әділеттілікке тигізетін зияны туралы ДТЖО А. Е. Калниязова ақпарат беріп өтті. Құқық пәні мұғалімі: Б.Бижанова мен әлеуметтік педагог: Ф.Шотова арнайы баяндама жасап, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді.
?Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен адалдық қағидаттарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
#сыбайластыққажолжоқ❌

